Accessibility links

Тайландтың жаңа үкіметін бұрынғы генерал жасақтады


БАНГКОК: Таиланд патшасы жаңа үкіметтің құрамын бекітті. 19-ыншы қыркүйек күні әскери төңкерісті жүзеге асырған армия басшыларының ұйғарымы бойынша, жаңа үкіметті зейнетке шыққан генерал Сураюд Чуланонт жасақтады. “Жемқор” деп айыпталған алдыңғы премьер-министр Таксин Чинават биліктен аластатылды. Жаңа үкімет, армия басшыларының берген уәдесіне сәйкес, 1 жылдан кейін өтуге тиіс сайлауға дейін іс атқаратын тәрізді.
XS
SM
MD
LG