Accessibility links

Халықаралық наразылыққа қарамастан КХДР-сы ядролық сынағын өткізді


ПХЕНЬЯН: Бүгін Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізді. Ол туралы Солтүстік және Оңтүстік Кореяның баспасөз агенттіктері хабарлады. Оңтүстік Кореяның хабарлауынша, жерасты сынағы бүгін таңертең Солтүстік Кореяның солтүстік-шығысында өткізіліп, сейсмологтар қуаты Рихтер өлшемі бойынша 3.5 бал жер сілкінісін тіркеді. Пхеньян өзінің ядролық қаруы бар екенін ертеде-ақ мәлімдеген болатын, бірақ ядролық сынақты алғаш рет өткізіп отыр. Ресми биліктің мәлімдеуінше, АҚШ-тың соққысына тойтарыс беру үшін өзінің қорғаныс қабылетін нығайтуда.
XS
SM
MD
LG