Accessibility links

БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесі ядролық сынақ өткізген Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды қатайту мәселесін талқылауда


Осыған дейін қолданылып келген шектеулерді енді одан сайын қатайта түсу-Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізгеніне қарсы жауап болмақ. Атап айтқанда, АҚШ-ы Солтүстік Кореяға баратын және оның порттарынан сыртқа шығатын жүк кемелерін тексерістен өткізуді ұсынады.

Қауіпсіздік кеңесі мұның алдында Солтүстік Кореяны аталған сынақты өткіземіз дегенін сынаған болатын. Солтүстік Кореяның ең жақын көршісі Қытай ядролық сынақ Пхеньян мен Бейжін арасындағы қарым-қатынасқа салқынын тигізеді деп атап көрсеткен.

- Солтүстік Корея халықаралық қауымдастықтың пікірімен санаспай, ядролық сынақ ісін өткізді. Қытай бұған қарсы болған еді, енді бұл әрекет Солттүстік Корея мен Қытай қатынастарына өзіндік әсер етеді. Біз көршімізбен жақсы қарым-қатынасты дамытқымыз келеді, бірақ ол екіжақты түсінстік пен мүдделерге және бейбітшілік пен тұрақтылыққа негізделуі керек, - деді Солтүстік Корея сыртқы істер министрінің өкілі.
XS
SM
MD
LG