Бүгін бірнеше қырғызстандық азаматтық құқық қорғаушы белсенділер, ақпарат өкілдері және оппозиция жетекшілері Бішкектегі үкіметтік үй алдында баспасөз еркіндігін қорғап шеру өткізді. Олардың қойған талаптарының ішінде, 28-ші қыркүйекте Қырғызстандағы тәуелсіз телеканал Пирамидаға жасалған шабуылды зерттеуге шақырған үндеулер бар. Және олар таяуда құрбан болған ресейлік журналист Анна Политковскаяны еске алып бір минут үнсіздік жариялады.