Accessibility links

Жендет қолынан қаза тапқан ресейлік журналистің соңғы мақаласы жарық көрді


Ресейде шығатын «Новая газета» басылымы жалданбалы жендет қолынан қаза тапқан журналист Анна Политковскаяның ең соңғы аяқталмай қалған мақаласын жариялады. Бұл мақалада Кремль қолдауындағы Шешен қауіпсіздік күштерінің қолында азапталған азаматтар жөнінде жазылыпты. Журналист өзіне тапсырылған бейнетаспа дерегі бойынша, азапталған азаматтардың суреттерін де келтіріпті. Анна Политковская қазанның 7-сі күні өз пәтері орналасқан үйдегі лифтте атып өлтірілген болатын.
XS
SM
MD
LG