«Литер» басылымында жарық көрген мақалада, жұма күні Абай атындағы Опера және Балет театрында өткен Ғылым Академиясының 60 жылдық мерейтойын атап өту шарасы жайында жазылыпты. Осы жиында сөз алған шетелдік қонақтар соңғы жылдары Қазақстан ғылымында болған айтарлықтай жаңалықтар туралы білмейтіндерін айтады. «Украина ҰҒА президенті, академик Борис Патон соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі уақыттағы жаңалықтарынан өзге, Қазақстан ғылымының жетістіктері туралы ештеңе есіне түспейтінін айтты. Оның басқа да белгілі әріптестері де осоны қайталады. Тіпті ҰҒА президенті Марат Жұрыновтың өзі баяндамасында, Қазақстанның ғылымының деңгейі соңғы рет тек 1994 жылы ғана Біріккен Ұлттар Ұйымында аталып өткеніне тоқталды» деп жазады «Литер» басылымы.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті Ұлттық Ғылым академиясының 60 жылдығына орай өткізілген жиында Қазақстан Президенті мәлімдеген ғылым саласын реформалауға қатысты мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шараларына тоқталыпты. «Тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және үйлестіру үшін, 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам - Ғылым қоры құрылатын болады. Президент сондай-ақ, 2007 жылы Ғылым қоры арқылы ғылыми-техникалық саланы қаржыландыруға 2 миллиард теңге бөлу қарастырылып отырғанын хабарлады» деп жазады «Комсомольская правда - Казахстан» газеті.
«Егемен Қазақстан» газеті Қазақстандық энергетикалық компания республиканың солтүстігінен батысына Ресей аумағы арқылы электр қуаттарын жеткізу мүмкіндігіне ие болып отырғанын жазады. Бұл туралы келісімге ТМД электр энергетикалық кеңесінің 30-ыншы мерейтойлық отырысында қол қойылған. «Осы жолғы отырыста ресейлік “ФСК” компаниясы мен қазақстандық “KEGOK” АҚ арасында маңызды келісімге қол қойылды. Сол сияқты, осы жолғы кездесуде көптен бері қиын түйін болып келе жатқан Екібастұздағы 2-інші ГРЭС мәселесі де оңтайлы шешімін тапқан. Дәлірек айтқанда, Ресейдің оған 50 пайыздық үлеспен қатысатыны белгілі болып отыр» деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы.
Қазақтандық «Кегок» пен ресейлік ФСК компаниялары арасында қол жеткізілген келісім шарттың мәні туралы «Литер» басылымында жарық көрген мақалада жан-жақты айтылған. «Кегок» президенті Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан – Оралдағы шекарада электр қуатының белгілі бір көлемін Ресейге береміз де, соған сәйкесінше көлемде Ақтөбе немесе Батыс Қазақстан облысы үшін ресейліктерден электр қуатын аламыз. Осылайша, Ақтөбе мен Оралда электр қуатының құны қазақстандық өндірушілерге тәуелді болатын болады. Бұл келісім шартқа сәйкес, электр қуатының құны ішкі, қазақстандық бағалар арқылы реттелетін болады» дейді Қанат Бозымбаев «Литер» газетіне берген сұхбатында.
Сенбілік басылымдар республиканың мәдени өміріндегі тағы бір жаңалық - «Казкоммерцбанкінің» шақыруымен «Deep Purple» рок тобының Қазақстанға келуіне тоқталыпты. «Комсомольская правда» газетінің дерегінше, әлемге әйгілі музыканттар дәстүр бойынша қай мемлекетке барса да, бірінші болып сол елдің халық әнін орындайды. Украинада «Ты ж меня пидманула», Ресейде «Калинка-малинка» әндерін шырқағанын жазып, алматылықтарды «Диптер» қандай күтпеген силықпен таңқалдырады екен?» деген сауал тастайды.
«Экспресс К» басылымы бұл «Deep Purple» тобының Қазақстанға тұңғыш сапары екенін жазады. Сондықтан 40 жылдық тарихы бар әйгілі топтың концертіне билет алудың өзі, қазақстандық көрермен үшін, үлкен бір оқиғаға айналыпты. «Құны 1500 теңгеден 25000 теңгеге дейін жететін билеттер бір жарым сағат ішінде сатылып кеткен» деп жазады «Экспресс К».