Accessibility links

Қазақстанда алдағы жылы ауыл шаруашылық саласына 17 млрд теңге субсидия берілмек


Қазақстанда 2007 жылғы бюджетте жоспарланғандай ауыл шаруашылық саласындағы субсидияға елдегі ішкі жалпы өнімнің тек 2 пайызы жұмсалады. Бұл туралы Астанада ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Лилия Мусина парламент сенатында бюджетті қорғау барысында хабарлады. Оның айтуынша дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 30 пайыздан артық. Ал шаруа қожалықтарының иелері болса Қазақстанда мемлекеттің фермерлерге деген көмегі тек қағаз жүзінде қалып қойған деген пікірде.

Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Лилия Мусинаның айтуынша 2007 жылы ауыл шаруашылық саласына барлығы 98 миллиард теңге ескерілді. Бірақ алдында біз 154 миллиард сұрағанбыз алайда бізге 56 миллиард теңге кем берілді, дейді ол. Осы бюджеттің ішінен 17 миллиард теңгесі субсидияға жұмсалады, деді вице-министр. Бұл қаржы жоғары сапалы тұқымға, асыл тұқымды малға, мал азығына, тыңайтқыштарға, дақылдарды тексеруге және жүзім көшеттеріне жұмсалады деп хабарланып отыр. Министрлік өкілдері хабарлағандай әдетте көшеттер тек 5 жылдан кейін өнім береді, сондықтан диқандар шығынының бір бөлігін бұл жолы мемлекет көтереді деп хабарланады. Бірақ, министрлік бұл субсидиялардың аздық ететінін мойындап отыр. Ауыл шаруашылық министрлігі бюджет департаментінің бастығы Марат Оразаевтың айтуынша бұл бюджетке байланысты:

- Енді ол бюджеттің мүмкіндігіне байланысты бөлініп жатыр. Қазір мынау бүкіл әлемдік сауда ұйымына кірген кезде дамып келе жатқан елдерге қойылатын шек жалпы ішкі өнімнің 5 пайызы болу керек, ал бізде қазір 2 пайыз.

Сенатор Фарит Галимовтың айтуынша елде қаражат бар, тек министрлік талап қою керек, дейді ол. Егер дамыған 50 елге кіргіміз келсе дереу 5 пайызға жеткізбесекте 3-4-ке жеткізу керек, дейді ол.

Сенатор Жандарбек Кәкішевтың айтуынша субсидияға көп сенуге болмайды:

- Егер біздер субсидия бере беретін болсақ халық жұмыс жасамайды. Халық жұмыс жасау керек. Өзі шығарған өнімнің өзі жақсылығын көру керек. Ал ойбай маған үкімет тағы ақша береді деп отыра берсе, біз тағы социализмге қайтіп келеміз.

Қазақстанның фермерлер одағының төрағасы әрі шаруа қожалығының иесі Әуезхан Дариновтың айтуынша, шет елдерде бір гектардың 50-ден 250 долларына дейін мемлекет төлейді. Ал Қазақстанда ол тек қағаз жүзінде ондада 10 долларға жетпейді, дейді ол:

- Өзінің бір ерекшеліктері бар ол жұмыс тобына жергілікті жерден аудан облыстан фермерлерді қосып отыру керек. Парламентте қабылданса әрине ол заң түрінде қабылданса ертең жеңілдік болады, бірақ бізде жағдай туғызылады ал жергілікті жерде жасыратыны жоқ заң қабылданып тұрсада орындалмай жатыр.

Ауыл шаруашылық министрлігі бюджет департаментінің бастығы Марат Оразаевтың айтуынша бұл көрсеткішті министрлік өздері талдау жасап шығарған:

- Фермерлерге енді қанша берседе аз болмайдығой бірақ бұл біздің басқа елдермен салыстырмалы түрде жасаған талдауымыз.

«Петровское» шаруа қожалығының иесі Федор Муттың айтуынша субсидия міндетті түрде керек, қазір салық жеңілдіктерімен басқада субсидия бар. Бірақ ауыл шаруашылық саласы субсидиясыз өмір сүре алмайды, дейді ол.

Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлінгінің мәліметіне сәйкес, әлемдік сауда ұйымына бұрын енген мемелекеттер ауыл шаруашылық саласына қаржылай қол ұшын беруге дайын. Мысалы, Ұлы Британияда фермер шығындарының 30 пайызын мемлекет көтереді. Ал, Еуропаның кейбір мемлекеттерінде бұл көрсеткіш 50 пайызға жеткен. Салыстыратын болсақ Еуропаның орташа фермасы алуан түрлі 2-3 техникамен қамтамасыз етілген. Қазақстанның ортастатистикалық диқанына жарты трактордан келеді, дейді сарапшылар. Сондықтан, мемлекеттің көмегінсіз қазақстандық өндіруші шетелдік фермермен бәсекеге түсе алмайды, деген пікір бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG