Accessibility links

Ресей президенті: Ресей мен ЕуроОдақ арасында энергетика саласында өзара ынтымақтастық болғаны жөн


Ресей президенті Путинның айтуынша, Еуропа Одағымен энергия саласындағы ынтымақтастық байланысы өзара жауапкершілік негізінде жалғасуы тиіс екен. Путин бұл жөнінде Финляндиядағы жиын артынан өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

- Ресей мен Еуропа одағы энергетика саласында өзара нағыз әріптес екендігіне күдік жоқ. Дегенмен, біздің өзара тәуелділігіміз Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне қызмет етуі керек, - деген президент Путин.

Ал, ЕуроОдақ комиссиясының президенті Барроссо ЕуроОдақ елдері Ресейдегі фирма, компанияларда жұмыс жүргізгенде оларға алалау қысымы жасалмауын өтінді.
XS
SM
MD
LG