Accessibility links

Түркіменстан – КХДР-сынан кейінгі сөз бостандығы күрт шектелген екінші ел


ВАШИНГТОН: “Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымының мәлімдеуінше, сөз бостандығының халі бойынша соңғы есепте Түркіменстан Солтүстік Кореядан кейінгі ең нашар ел болып отыр. Кеше аталған ұйым сөз бостандығының 2006-ншы жылға арналған халықаралық есебін жариялады. Оған сәйкес, егер журналистер адам құқы бұзылатын мемлекеттің лидерін сынайтын болса, не түрмеге жабылуы мүмкін немесе кейде тіпті кісі қолынан қаза табуы ықтимал. “Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымының Вашингтондағы өкілі Люси Мориллон “Азаттық” Радиосының Түркіменстандағы тілшісі Огулсапар Мурадованың түрмедегі жұмбақ өлімін мысалға келтіреді.
XS
SM
MD
LG