Accessibility links

Қырғыз үкіметі тұтқынға алынған 9 күдіктінің 6-уын босатып жіберді


БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан полициясы сейсенбі күні Бішкектің орталығында қайырымдылық шарасын ұйымдастырмақ болған мұсылман тобының 9 мүшесін тұтқынға алғанын растады. Бұл топ ресми түрде тіркелмеген көрінеді. Бішкек полициясының діни экстремизмге қарсы күресетін бөлімінің бастығы Бақыт Жұмаевтың “Азаттыққа” хабарлағанындай, ұсталғандардың үшеуінен басқасы түгел босатылған. Ресми биліктің мәлімдеуінше, 9 адам да тыйым салынған “Хизб-ут-Таһрир” ұйымының мүшесі деген күдікпен ұсталған.
XS
SM
MD
LG