Кейбір тарихшылардың айтуынша, 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында орын алған үлкен саяси оқиғалар Кеңес Одағы құлауының басы болған. Осы уақытта одақтас республикаларда тәуелсіздікке деген ұмтылыс күшейіп, жер-жерлерде орталық билікке қарсы бас көтеру мен егемендік декларацияларын жариялау сияқты әрекеттер бірінен соң бірі жүріп жатты дейді тарихшылар. Алайда 1990 жылы Жоғарғы Кеңестің төрағасы қызметін атқарған Серікболсын Әбділдин 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алуына одан бұрын қабылданған декларациясының ешбір әсері болмады деп, 25 қазан күнінің бүгінде маңыздылығы жоғалғанын айтады.
- Кеңес Одағы құрамында қаламын деген Декларация қалай тәуелсіздікке алып келеді? Бұл Декларацияның түйіні Кеңес Одағы құрамында Қазақстан экономикасын өзі жүргізеді деуінде болды. 90-шы жылы қабылданған Декларацияда тәуелсіздікке емес, Кеңес Одағы құрамындағы дербестікке ұмтылу қарастырылды.
Осы сияқты пікірді бұрынғы «Желтоқсан» партиясының төрағасы, саясаткер Хасен Қожахмет те қуаттап, Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттердің ешбірінде тәуелсіздік мейрамының екі рет тойланбайтынын айтады.
- Тәуелсіздік жариялағаннан кейін бұл мейрам артық сияқты болып тұр. Ол тарихта қалар құжат болып. Ал енді мейрамдағанда, тәуелсіздік күнін ғана мерекелеген дұрыс сияқты.
Ал тарихшы, әрі саясаттанушы Бүркіт Аяған керісінше, Қазақстанға партиоттыққа тәрбиелейтін осы тәрізді мейрамдардың жетіспей жатқандығын айтып, Қазақстанда маңызы зор мемлекеттік мейрамдардың өзгелерден жоғары деңгейде тойлану керектігіне мән береді.
- Қазақстандықтар үшін бұл ең бірінші, ең маңызды мейрам деп ойлаймын. Бұл мейрам мектептерде, университеттерде, мекемелерде арнайы аталып өту керек. Республика күнінің рухани, әрі саяси жағы бар. Басқаларға қарағанда, ол терең, кеңірек тойлану керек.
Ал тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков 90-шы жылы үлкен таңдау алдында тұрған Қазақстанның Ресейге жалтақтауының азаймағандығын айтып, Республика күнін бегілеуде де билік Кеңес Одағын қолдаған коммунистердің ықпалынан шыға алмаған дейді.
- 25 қазанды мен ылғи да мерекелеген кезде, Ұлы Октябрь Социалистік революциясын қайта мерекелеп жатқандай сезінемін. Декларацияны қолдаған сол кездегі біздің Жоғарғы Кеңес, осыны ұйымдастырған сол кездегі кісілердің бәрі меніңше, аға буын коммунисттер наразы болмасын деп, тегінде датаны тегін алмаған болу керек деп ойлаймын.
Сонымен қатар, Талас Омарбеков Декларация Қазақстанның орталық биліктен бөлінуге деген ұмтылысының белгісі болды деп, 1990 жылы тәуелсіздікке басқа да жолдармен қол жеткізудің мүмкін болғандығын айтады.
- Декларацияны жарияламай-ақ, Қазақстан бірденен тәуелсіздікті жариялау керек еді. Қазақстан 90-шы жылы интеллектуальдық жағынан да, басқа жағынан да Орталық Азиядағы ең мықты республика болатын. Сондықтан да, біз тәуелсіздікті Орталық Азияда бірінші болып жариялауымыз керек еді. Сонда біз Орталық Азия тарихында ең мықты республика ретінде қалатын едік.
Қазақстан егемендік туралы Декларация жариялаған 1990 жылы КСРО құрамына кірген балтық елдері өздерінің одақ құрамынан шығатындарын мәлімдеген болатын. Ал келесі, 1991 жылдың ортасында Мәскеу Грузия, Молдова және Арменияның тәуелсіздіктерін мойындады. Ал Қазақстан Одақ құрамында болғандардың ең соңында - 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында өзінің тәуелсіздігі туралы декларация қабылдады.