ИСЛАМАБАД: Соғыс тікұшақтардың қолдауына сүйенген Пәкістан армиясы “Әл-Қаида” ұйымының Ауғанстан шекарасына жақын орналасқан жаттығу лагерін – діни медресені жойды. Армияның өкілі генерал Шауқат Сұлтанның хабарлауынша, таң сәрідегі шабуылдың алдында Баджул ауданындағы Хан қышлағында орналасқан медреседе 70-тен 80-ге жуық адам болған. Қазір көзі жойылғандардың нақты санын айту қиын. Шауқат Сұлтан әлгі лагерде “Әл-Қаида” жетекшілерінен кімде-кімнің болған-болмағаны туралы өзінде ешқандай мәліметтің жоқтығын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады