Accessibility links

С.Хуссейнге өлім жазасы берілді


Бұрынғы Ирақ президенті Саддам Хуссейн адамзатқа қарсы жасаған қылмысы үшін айыпты деп табылып, өлім жазасына кесілді. Саддам Хуссейннің екі көмекшісіне де осындай үкім шығарылды. Сонымен қатар, Ирақтың бұрынғы вице-президенті Таха Яссин Рамадан өмір бойы бас бостандығынан айырылды, ал сотқа тартылған үш кісі 15-жылға дейін түрмеге жабылды. Бір айыпталушы болса ақталып, қамаудан босатылды. Саддам Хуссейн мен оның 7 үзеңгілесіне 1982 жылы Дужаил ауылында шииттерді жаппай қырған деген айып тағылған болатын. АҚШ пен Ұлыбритания Хуссейннің айыпты боп табылғанын және оған өлім жазасы берілгенін жылы қабылдады. Бірақ адам хұқтары бойынша халықаралық ұйымдар соттың өзін де, сондай-ақ, Саддам Хуссейнге шығарылған үкімді де сынға алып отыр. Ал Ирақ премьер-министрі Нури әл-Малики Саддам Хуссейнге берілген өлім жазасы “Хуссейн жүйесінің құрбандары үшін жеңіс болды” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG