Accessibility links

АҚШ сенаты Албания, Хорватия, Грузия және Македония НАТО-ға тезірек қосылсын дейді


Америка Құрама Штаттарының сенаты Албания, Хорватия, Грузия және Македонияны НАТО әскери одағына толық қабылдауға бағытталған заң жобасын мақұлдады. Бейсенбі күні мақұлданған заң осы төрт мемлекетке НАТО талаптарына жетуге көмек жасауды қарастырып отыр. АҚШ сенаты сыртқы қатынастар комитетінің төрағасы Ричард Лугар Албания, Хорватия, Грузия және Македония НАТО-ға қосылса Еуропа мен Америка Құрама Штаттары табысқа қол жеткізеді, "бейбітшілік пен қауіпсіздік аймағы ұлғаяды" деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG