Accessibility links

Дарфур өлкесінде халық одан ары қырылып жатыр


БҰҰ-ның өкілі Ян Игеланд Судан үкіметі мен үкімет қамқорлығындағы араб қарулы топтары Дарфур өлкесінде халыққа қарсы "аса зұлым терроризм" жасап жатыр деп айтты. Ұйымның гуманитарлық мәселелер жөніндегі өкілі Ян Игеланд мәлімдемесін кеше жасады. Ян Игеланд Дарфур өлкесінде жағдай қақтығыс басталған үш жыл ішінде екі нашар халге жетті, бабалар да аяусыз езгіге салынып жатыр деді. Жергілікті африкалық тайпалар арабтар басқаратын үкіметке көтерілгелі бері Дарфур өлкесінде 200 мыңнан астам адам қаза тапты, екі жарым миллион адам босып кетті.
XS
SM
MD
LG