Accessibility links

Ресей бұрынғы КГБ агентінің улануына сыртқы барлау қызметінің қатысы жоқ дейді


МӘСКЕУ: Ресейдің сыртқы барлау қызметі Лондонда КГБ-нің бұрынғы тыңшысы Аленксандр Литвиненконың улануына өзінің ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдейді. Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің вице-премьері әрі қорғаныс министрі Сергей Ивановтың өкілі: “Литвиненко душар болған оқиғаға сыртқы барлау қызметінің ешқандай қатысы жоқ” деп мәлімдеді. А.Литвиненконың өзі мәлімдегендей, белгілі журналист әйел А.Политковскаяны өлтіруге қатысты тың мәліметі бар адаммен кездесуінен кейін өзінің денсаулығы күрт сыр берген.
XS
SM
MD
LG