Ол бар болғаны 43 жаста болатын. Подполковник Литвиненко әлдебір улы затпен уландырылған, ол өте ауыр жағдайда Лондон ауруханасына осыдан үш апта бұрын жеткізілген еді. Британия дәрігерлері оның өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігерлерін жұмсады, алайда ол кеше кешкісін Университет колледжі ауруханасында көз жұмды. Литвиненко Ресей үкіметі саясатының сыншысы болатын. Лондон полициясы Литвиненко өлімінің жұмбағын ашу үшін тергеу-тексеріс жүргізуде. Кремль Литвиненконың өлімі ауыр жағдай - трагедия деді. Бүгін таңертеңгісін Литвиненконың дос-жолдастары таратқан мәлімдемеде Литивненко өлер алдындағы жолдауында «Менің өліміме кінәлі - Ресей президенті В.Путин» деп айыптаған екен.