Британияның Бритиш Эйруейз авиакомпаниясының мәлімдегеніндей, Лондонда ресейлік бұрынғы қауіпсіздік саласы қызметкері Литвиненконың уланып қаза табуына байланысты 3 ұшақ зерттелген кезде оның екеуінен радиация қалдықтары табылған. Ол ұшақтар сондай-ақ Лондон мен Мәскеу бағытында да ұшқан екен. Бірақ әзірше ол радиоактивті элементтің құрамы анықтала қоймапты. Ресейлік бұрынғы құпия қызмет агенті Литвиненко өткен аптада Лондон емханасында көз жұмған болатын. Дәрігерлер оның Полониум-210 дозасынан уланғанын айтқан еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV