Бүгін Ливан астанасы Бейрутта премьер-министр Фоуад Синиораның үкіметіне қарсы жаппай наразылық акциялары өтеді деп жоспарланған. Бейруттың орталығында Ливан Армиясы орналастырылды. Синиораның айтуынша, Хезболлаһ мен Сирияны жақтайтын одақтастары тарапынан жоспарланып отырған наразылық шаралары оның үкіметін биліктен құлатпайды. Ал Хезболлаһ тобы Синиораның үкіметін “АҚШ қуыршағы” деп атап, оны биліктен кетіру мақсатында елде жаппай наразылық акцияларын ұйымдастырмақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі