Өзбекстан және Ауғанстан сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық байланысты жақсарту мақсатында жүйелі түрде қауіпсіздік мәселесін өзара кеңесіп тұруға келісті. Үш күндік ресми сапармен Тәшкенге келген Ауғанстандық министр Рангин Спанта өзбекстандық әріптесі Владимир Норовпен келісім құжатына қол қойды. Сондай-ақ, келіссөздер кезінде Өзбекстанның Ауған жеріндегі қайта құру шараларына қатысуы мәселесі де талқыланбақ.