Accessibility links

К.Аннан Ирақта “азамат соғысынан да жаман” қантөгіс болып жатыр деп санайды


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан Би-Би-Си-ге берген сұхбатында өзі Ирақтағы қазіргі жағдайды Ливандағы “азамат соғысы” жылдарындағы ахуалдан да нашар деп бағалайтынын мәлімдеді. Онымен қарама-қатар Ирақта 50-ге жуық адамның мәйіті табылды және кеше шийттер мен сүнниттердің өзара қақтығыстарынан талай халық қырылды. Ирақ президенті Ж.Талабани елдегі ахуал бойынша халықаралық бейбіт конференция өткізуге қарсы шығып, елдің тағдырын халықтың өзі шешеді деп мәлімдеді. Ал бүгін Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы Ислам төңкерісі бойынша Жоғарғы Кеңестің шийт төрағасы әрі көрнекті шийт саясаткері Абдул Әзиз Әл-Хакиммен кездесіп, Ирақтағы қантөгісті ауыздықтап, ахуалды қалпына келтіру жолдарын талдауға тиіс.
XS
SM
MD
LG