Accessibility links

“Қызғылт-сары төңкеріске” түрткі болған В.Янукович Украинадағы демократияның тірегі болғысы келеді


ВАШИНГТОН: Кеше америкалық тыңдармандарының алдында сөйлеген сөзінде Украина премьер-министрі Виктор Янукович өз елінің демократияға және саяси-экономикалық реформаларға ұмтылатынын мәлімдеді. Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер Орталығында дәріс оқыған В.Янукович: “Украинада демократияның ешқашан тым көп болуы мүмкін емес”, -деп атап көрсетті. 2004-інші жылғы президент сайлауында В.Януковичтің негізсіз жеңіске жетуі “қызғылт-сары төңкеріс” деген атауымен белгілі бұқара халықтың жаппай наразылық шеруіне түрткі болған еді.
XS
SM
MD
LG