ВАШИНГТОН: Ирақ шийттерінің көрнекті саясаткерінің мәлімдеуінше, Ирақта азамат соғысына жол бермеудің жалғыз жолы – АҚШ бастаған коалициялық күштердің сүннит көтерілісшілеріне қарсы ойсырата соққы беру. Дүйсенбі күні Американың Вашингтондағы бейбітшілік Институтында дәріс оқыған шийт саясаткері Абдул-Әзиз Әл-Хаким осылай деп мәлімдеді. Оның қарсаңында Әл-Хаким Ақ үйде президент Дж.Бушпен кездесіп, АҚШ президенті оған Ирақтың ілгері жылжыған қарқынына қанағаттанбайтынын атап көрсетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV