Accessibility links

Ирақты зерттеу тобы көптен бері күтілген баяндаманы бүгін президент Бушқа тапсырмақшы


АҚШ-тағы қос партия тарапынан құрылған бұл комиссия баяндаманы сондай-ақ Конгресс басшыларына да табыс ететін болады. Әскери тәртіпті біртіндеп Ирақ күштерінің қолына тапсыру, сондай-ақ Уашингтонның Иран және Сирия елдерімен тікелей ақылдасулар жүргізуін аталған топ ұсынбақшы.

“Ирақтағы жағдайдан жол табу деген сөз- Ирақтың өзін-өзі басқарып, ісін жүргізе алуы және өзін-өзі қорғай алуы. Сондай-ақ лаңкестікке қарсы күресте одақтас бола алуы. Және демократия табыстары жөнінде аймаққа үлгі болуы”, - деді Ақ үй баспасөз хатшысы Тони Сноу.
XS
SM
MD
LG