Сәрсенбі күні Абхазияның аймақтық астанасы Сухимиде мыңдаған адам Ресей мен халықаралық қауымдастықты өздерінің тәуелсіздіктерін мойындауға шақырып, шеру өткізді. Абхазия президенті ретінде өзін жариялаған Сергей Багапш, бұл ереуіл Абхазия мен Грузияның бір мемлекет бола алмайтынын көрсетті деген. Осы тұрғыда Ресей парламентінің төменгі палатасы Ресей өз саясатында Абхазия тәуелсіздігінің талаптары мен Оңтүстік Осетияның таяуда өткізген тәуелсіздік референдумын қабылдау керек деп айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?