Accessibility links

Литвиненко өлімін тергеу ісіндегі басты куәгер нашарлап жатқаны жайлы айтылды


Өткен түнде Ресейдің бұрынғы тыңшысы Александр Литвиненконың өлімін тергеудегі негізгі куәгердің денсаулық жағдайы нашарлай бастаған туралы қарама-қайшы хабарлар түсті. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, тергеушілердің сұрақ алуынан кейін Дмитрий Ковтунның денсаулығы нашарлап, Мәскеудегі ауруханада комада жатыр. Бірақ, батыстық ақпарат көздері Литвиниенконың ісіне қатысты тағы бір куәгер Андрей Луговойдың адвокатының сөзін келтіріп, Ковтунның денсаулығы бірқалыпты, ақпарат бұлақтарының оның денсаулығы нашарлады дегені жалған деп хабарларды. Радиоактивті элементпен уланып 23-ші қарашада қаза болған Литвиненко бейсенбі күні Лондонда жерленді.
XS
SM
MD
LG