Германия полициясы Ресейдің бұрынғы барлаушысы Александр Литвиненкомен кездескен соңғы азаматтардың бірі Дмитрий Ковтун тоқтаған екі жерде радиация белгілерін тапты. Дмитрий Ковтун Гамбург қаласында бір пәтерде және Гамбург қаласының маңында бір үйде тоқтаған болатын, сол екі жерде радиация белгісі табылды. Дмитрий Ковтун 1 қарашада Литвиненкомен Лондонда кездескен. Литвиненко радиоактивті заттан уланып өлді. Мұндай зат Дмитрий Ковтунда да табылды, ол Мәскеуде емделіп жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі