Accessibility links

Джордж Буш Ирақтан әскер шығару ерте деді


АҚШ президенті Джордж Буш Ирақтан әскер шығару өрескел қадам болады деп мәлімдеді. Буш бұл сөзін апталық радиоүндеуінде айтты. Буш Ирақ мәселесін зерттеу тобының баяндамасы осы бағытыма қолдау беріп отыр, Ирақтан қазір әскерді алып кету қате болады деді. Буш топ баяндамасына сілтеме жасап, әскерді қазір шығарсақ Ирақта топтардың арасында текетірес өсе түседі, аймақта тұрақсыздық ұлғаяды, бұл ғаламдық экономикаға теріс әсер етеді деді. Ақ үй әкімшілігі президент Буш Ирақ жөніндегі жаңа стратегиясын ай соңына таман жариялайды дейді.
XS
SM
MD
LG