Accessibility links

Түркияның Еуропа одағына қабылдануы жөніндегі келіссөздер мәселесі қашан талқыланбақ?


Еуропа одағының сыртқы істер министрлері бір күндік қызу талқылаудан кейін Түркияның ЕуроОдаққа қабылдануы жөніндегі келіссөздерді біршама уақытқа тоқтата тұруға келісті.

ЕуроОдақтық министрлер келіссөздер үшін әзірленген бағдарламадағы 35 пункттың сегізі бойынша Түркиямен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік болмайды деп шешті.

Оған негізгі себеп, ЕуроОдаққа қабылданған Кипр республикасының грекиялық бөлігіне Түркия өз әуе алаңдары мен теңіз айлақтарын ашпай отыр. Оның үстіне, Түркия Кипрлық түріктерге алдағы кезде де қолдау көрсете беретіндігін жасырмайды.

Жалпы, Түркияның ЕуроОдаққа қабылдану жөніндегі келіссөздерді бастау алдында кемінде 35 пункттен тұратын мәселені шешу керек дегеннің өзі мәселенің аса күрделі екендігін байқатпай ма?

Міне осы арада, ЕуроОдақтық ресмилер сол 35 пункттан 8і бойынша Анқарамен сөйлеспейміз деп отыр екен. Дегенмен, желтоқсанның 11індегі күрделі талқылаулардан кейін Түркияның ЕуроОдаққа мүшелігі жөніндегі келіссөздерді бір шама кейінге қалдыра тұруға келісті. Ал желтоқсанның 14-15 інде өтетін саммит алдынан, Филяндияның сыртық істер министрі Туомиойа ЕуроОдақ атынан сөйлеп, бұл мәселені Одақтық болашақты назарда ұстай отырып қарастыру қажет дейді.

- Сонымен, алдағы бейсенбі мен жұмадағы бас қосуды Түркияға арналған саммит деп есептемеу керек. Дегенмен, бұл мәселе назардан тыс қалмас. Бүгін дүйсенбіде қабылданған шешімдер жөнінде де әңгіме болар. Бірақ ЕуроОдаққа мүше елдер арасында Түркияның болашақ мүшелігі және болашақ шаралар жөнінде өзара келісім бар. Сондықтан, бұл саммит кезінде Түркия мәселесін қайта қозғау артықтау болады, - деді ЕуроОдақтың қазіргі президенті.

Әрине, Испания сыртқы істер министрі Мигуел Моратинос өзіне тән әзілмен Түркия мәселесі бойынша келіссөздер пойызын үлкен апаттан сақтап қалдық деп мысқылдады. Ал бұл Финляндия үшін үлкен табыс десе де болады. Себебі, Финляндияның 1999-жылғы президенттігі кезінде Түркияның ЕуроОдаққа мүшелік кандидадтурасы шешілген болатын.

Сонда, Түркияның ЕуроОдаққа мүшелігі жөніндегі келіссөздерді бастауға нелер кедергі болып отыр екен ?

Ең әуелгі мәселе - Түркиядағы саяси реформалардың нашар жағдайы. Әрине, ЕуроОдақтың Түркия алдына қойған талаптары барынша қатаң десе де болады. Еске ала кетсек, Одақтың 2004-жылғы кеңеюінен кейін Түркия барлық жаңа мүшелерге теңіз айлақтарын, әуе алаңдарын ашуға келіскен болатын. Бірақ ол Одаққа қабылданған грекиялық Кипрге келгенде Түркия қасарысып отыр.

Сонымен, ЕуроОдақ өзінің дүйсенбідегі отырысында Түркия жөнінде қандай жағдайларға ерекше тоқталды ?

Алдымен, 35 мәселенің 8 пункті бойынша келіссөздер болмайды, екіншіден, ЕуроОдақ екіге бөлінген Кипрды өзара қосу жөніндегі БҰҰ бағдарламасын қолдайды, 3-ден, Кипрдың Түркия бөлігін сауда-саттық оқшауланудан құтқаруды алдағы қаңтарға дейін іске асыру керек, деген талаптар қойды.

Міне енді, ЕуроОдақтан комиссионер Олли Рееннің айтуынша, бұл талаптар 100 пайыз болмаса да, екі тарап қа да аса қажет екен.

- Бір жағынан, Түркия қойылған міндеттерді орындамаса оның салдары ауыр болмақ, 2-жағынан, бұл алдағы жоспар, шараларға жол ашады, келіссөздерге мүмкіндік туады, - дейді комисссионер.

Сарапшылардың пікірінше, ЕуроОдақ Түркияның одаққа мүшелігі мәселесінде қарсы жақтағы Франция, Австрия, Голандия және кешірімділік танытып отырған Британия, Италия, Польша үштіктері арасында өзара мәмілегерлік миссисын да атқарып отырғандай.

- Еуропаға демократиялық, тұрақты Түркия қажет. Ал Түркияға Еуропалық саясат та, экономика да керек. Біз сондықтан мүшелік келіссөздерін бір жыл бұрын бастап жібердік. Себебі , Түркия жанжалды аймақтағы тұрақтылық кепілі бола алады. Түркия жалпы Таяу Шығыстағы, Мұсылман әлеміндегі демократияның үлгілік өлшемі десе болар, - дейді Одақтық комиссионер Олли Реен.
XS
SM
MD
LG