Accessibility links

Өзбекстан билік орындары адамдардың наразылық танытуына рұқсат бермеді


Өзбекстанның қауіпсіздік күштері адам хұқын қорғаушы Мотабар Тәжібаеваның түрмеден босатылуын талап етіп, митингіге жиналғандарды тарқатып жіберді. Азаттық радиосы Өзбек қызметінің хабарлауынша, Тәжібаеваның туыстары президент әкімшілігі ғимаратының жанында наразылық танытуды бастаған, кейін қауіпсіздік күштері келіп олардың қолдарындағы плакаттарды жыртып тастаған. 44-жастағы Мотабар Тәжібаева бопсалау әрекеттерімен айналысты деген айыппен 8 жылға түрмеге жабылған болатын. Адам хұқын қорғаушылар Тәжібаеваға тағылған айыптар ойдан шығарылған дейді.
XS
SM
MD
LG