Accessibility links

Токио Ресеймен арадағы даулы Курилл аралдарының шешімін тапты


ТОКИО: Жапонияның сыртқы істер министрі Ресейге Курилл аралдарына қатысты даудың шешімін ұсынды. Бүгін Күншығыс елінің сыртқы саясат министрі Таро Асоның ұсынуына сәйкес, Ресейдің “Оңтүстік Курилл” және Жапонияның “Солтүстіктегі жерлері” деп аталатын ең ірі 4 аралды 2 елдің тең бөліп алуына болар еді. Мұндай ұсынысын министр Асо кеше сыртқы істер мнистрлігінің парламенттік комитеті алында жасады. Аталған аралдарды Совет Одағы 2-нші дүниежүзілік соғыстың соңында басып алған болатын.
XS
SM
MD
LG