БІШКЕК: Қырғызстан президенті Құрбанбек Бәкиев Османәлі Гуроновты Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайынады. Ресми хабарға сәйкес, бүгін президент Бәкиев жаңа хатшыны президент әкімшілігімен таныстырды. Османәлі Гуронов – діни экстремизмге қарсы күрес бойынша маман болып табылады. 6-ншы қазан ол ішкі істер министрі болып тағайындалды да, 1 айдан кейін - оппозицияның наразылық митингілері өтіп жатқан 6-ншы қараша күні босатылды. Оның министр лауазымынан не үшін босатылғаны белгісіз.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты