АДДИС-АБЕБА: Эфиопия көрші Сомалидегі исламшылдарға қарсы соғысып жатқанын ресми түрде мойындады. Эфиопияның премьер-министрі Мелес Зенавидің (Meles Zenawi) мәлімдегеніндей, өзінің тәуелсіздігін қорғау үшін Эфиопия Сомалидің үкіметі жағында соғыс қимылдарына қатысуға мәжбүр болуда. Журналистердің хабарлауынша, соғыс қимылдарына Эфиопияның әскери әуе күштері мен 8 мыңға жуық жауынгері қатысуда. Исламшылдар Сомалидің басым бөлігін қадағалап отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV