Accessibility links

220 мың халық қырылған жойқын теңіз толқыны әкелген апатқа 2 жыл толды


ДЖАКАРТА: Бүгін Үнді мұхитының жағалауындағы 12 елдің 220 мыңға жуық халқын қырып кеткен жойқын теңіз толқыны – цунамидің соғуына 2 жыл толады. Бұл жойқын толқын - 2004-інші жылдың 26-ншы желтоқсанында мұхит түбіндегі қуаты Рихтер өлшемі бойынша 9 балға жеткен жер сілкінісінен туған болатын. Аман қалғандар мен сол апатта жақындарынан айрылғандар бүгін апат құрбандарының басына барады және тағы басқа еске алу шараларына қатысады. Жер сілкінісінің кіндігіне ең жақын орналасқан Индонезияның Ачех облысы цунамиден әсіресе қатты жапа шегіп, бүкіл халқының 2/3-сінен айрылды.
XS
SM
MD
LG