АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы Атланта қаласында әйгілі эстрада әншісі Джеймс Браун 73 жасында жүрек ауруынан қайтыс болды. Ән сазы шоу бизнесінде ең еңбекқор орындаушы атанған Джеймс Браунның қазасына орай президент Буш көңіл айтып, оның әндері бүкіл Америка музыка мәденеиетіне рухани дүние болып қосылды, деді. Джеймс Браун өзінің ерекше дауысы, биі мен жарты ғасырдан астам уақыт рок-н-роллдан бастап, қазіргі рэп сазына дейінгі көпке ұнайтын шығармаларды орындап келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?