Оппозициялық "Ватан", демек Отан қозғалысы кандидат ретінде өз жетекшілері Худайберді Оразовты ұсынған. Дегенмен де оған әзірге елге оралуға рұхсат етілмеген. Ал бұл аралықта радиомызға Бірлескен демократиялық оппозицияның жетекшісі Авыд Кулиев бірыңғай оппозиция кандидаты ретінде Нұрберді Нұрмамедовтың ұсынылғандығын хабарлады. Ол президент Сапармұрат Ниязов қайтыс болысымен тұтқындалған-ды. Түркменстанның жоғарғы заң шығарушы органы - Халық мәслихаты сейсенбі күні президенттікке кандидат ретінде алты үміткерді бекітті, олардың қатарында мемлекет басшысы міндетін уақытша атқарушы Гурбангулы Бердімұхамедов бар.