НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Сомалиге қатысты Қарар бойынша ортақ келісімге келе алмады. Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін Қатар елі Сомалиден барлық шетелдік күштерді, оның ішінде Эфиопияның әскерін шығару туралы ұсынысты қолдады. Кеңестің өзге мүшелері болса, Эфиопия әскерінің Сомалиде ислам жасақтарымен шайқасып жатқан өтпелі кезең үкіметінің өтініші бойынша кіргенін уәж етіп, шетелдік күштерді шығаруға қарсы шықты. Соңғы күндері Эфиопия әскері мен исламшылармен арадағы шайқастарда мыңдаған адам қаза тапты.