Оның отбасы Саддам Рамадидегі сунниттер бекінісінде жерленеді деп айтқан. Мұндай шешімді Саддамның соңғы тілегін ескере отырып, отбасы қабылдаған. Ирақтың бұрынғы диктаторы адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Ирақты 30 жылға жуық уақыт ашса алақаны, жұмса жұдырығында ұстаған Саддам Хусейін 2003 жылы АҚШ күштері басып кіргеннен кейін биліктен құлатылды. АҚШ күштері ендігі күндері Саддамның жақтастары тарапынан шабуылдар көбеюі мүмкін деп сақтанады.