ЖАҢА ЖЫЛ: Тынық мұхитының батыс жағалауындағы мемлекеттер Жаңа жылды қарсы ала бастады. Бүкіл жер шарында Жаңа жылды ең бірінші болып Жаңа Зеландия мен Тонго патшалықтарының тұрғындары қарсы алады. Еуропа құрлығында бүгін түнгі сағат 12-ке Еуропа Одағының мүшесі болатын Болгария мен Румыния Жаңа жылды мейлінше кең тойламақшы.