ДЖАКАРТА: Индонезияда сенбі күні су түбіне батқан кеменің 100-ден аса жолаушысы құтқарылды. Құтқарушылар қызметінің хабарлауынша, 66 жолаушының мәйіттері табылды. Жолаушы кемесінде бас-аяғы 600 жолаушы болған. Кеме Ява аралынан Борнео аралына қарай жүзіп келе жатқан кезінде үлкен теңіз толқынына тап болды.