Accessibility links

С.Хусеин – Құрбан айттың дәл қарсаңында дарға асылып, жерленді


БАҒДАД: Адамзат баласына қарсы қылмыстар істеді деген айып бойынша сенбі күні дарға асу арқылы өлім жазасына тартылған Ирақтың бұрынғы президенті С.Хусеин Ат-Тикрити қаласының маңындағы өзінің туып-өскен Ауджа ауылына жерленді. Оның жақындары хабарлағандай, жерлеу рәсіміне Салахаддин облысының әкімі Хамид Әл-Шакти мен С.Хусеин әулетінің көсемі Әлбу Ән-Насир келді. С.Хусеин – 1982-нші жылы Дужайыл ауылының 148 шийт тұрғынын қырды деген айып бойынша 5-інші қараша күні өлім жазасына кесіліп, 26-ншы желтоқсан күні Ирақтың аппеляциялық соты ол өкімді күшінде қалдырды.
XS
SM
MD
LG