АШХАБАД: Түркіменстанда 11-інші ақпанда өтуге тиісті президент сайлауына дауысқа түсетін барлық 6 үміткер де ресми түрде тіркелді. Олардың барлығы да бұрынғы президент С.Ниязовтың саясатын жалғастыруға ант-су ішуде. С.Ниязовтың 21-інші желтоқсанда дүние салуынан кейін президент міндетін атқаруға кіріскен Гурбангулы Бердімұхаммедов алдағы сайлау С.Ниязовтың демократия туралы түсінігі бойынша өтеді деп уәде берді. Г.Бердімұхаммедов пен өзге 5 үміткерді де Түркіменстанның жоғарғы билігі – Халық Кеңесі таңдап алды. Саяси оппозицияның бірде-бір үміткері тіркелген жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?