Accessibility links

Индонезияда 96 жолаушысы бар Боинг-737 ұшағы хабар-ошарсыз жоғалды


ДЖАКАРТА: Индонезияның Ява және Сулавеси аралдарына қатынайтын “Адам Эйр” әуе компаниясының коммерциялық жолаушы ұшағы бүгін ауа райының нашарлауы салдарынан радардың экранынан ғайып болды. Индонезияның көлік министрлігі өкілінің хабарлауынша, Боинг-737 ұшағында 96 жолаушы мен ұшақ командасының 6 мүшесі болған. Көлік министрі Хатта Раджасты сілтеп көрсеткен Индонезия радиосының мәліметі бойынша, байланыс үзілерден бұрын ұшқыштар диспетчерге апатқа ұшырағандарын хабарлап үлгерген. Ол жерге құтқарушылар аттандырылды.
XS
SM
MD
LG