Accessibility links

Қажылықтың үшінші күні ешқандай төтенше оқиғасыз жалғасты


МЕККЕ: Бүгін Меккедегі қажылықтың үшінші күні сайтанға тас ату рәсімімен жалғасты. Өткен жылы осы рәсімнің барысында жұрт дүрлігіп қашып, бір-бірін басып-жаншып, 360-қа жуық діндәр құрбан болған еді. Сайтанға тас ату рәсімі Сауд Арабиясының “Мина” атаулы жерінде өтеді. Ресми мәлімет бойынша, жыл сайынғы қажылыққа биыл әлемнің 187 елінен 2,5 миллиондай адам келді, оның 40 пайызын әйелдер құрайды.
XS
SM
MD
LG