Түркіменстанда президент сайлауына ресми түрде тіркелген 6 үміткердің бәрі қайтыс болған президент Сапармұрат Ниязовтың саясатын ынтамен одан әрі жалғастырамыз деп уәде берді. Президент міндетін уақытша атқарып отырған Гурбангулы Бердымұхаммедов ақпанның 11-күнгі сайлау Ниязовтың демократия жөніндегі тұжырымдамасына сай өтеді деп мәлімдеді. Президенттіктен үміткер Бердымұхаммедов пен қалған 5 азамат Түркіменстанның жоғарғы заң шығарушы органы Халық мәслихаты тарапынан бекітілген болатын. Ал оппозиция жағынан сайлауға ресми түрде ешкім тіркелмеді.
Түркіменстанда президент сайлауына тіркелген 6 үміткер Ниязовтың саясатын одан әрі жалғастырамыз дейді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?