Парламент ирандықтардың парламент және президент сайлауларында дауыс бере алатын заңды жас шегін 15-тен 18-ге көтеру туралы заңға дауыс берді. Үкімет Иран жастары революция тірегі деп заң жобасын кері қайтарды. Ал заңды жақтаушылар дауыс беру жасы міндетті әскерге алыну жасы - 18-ден басталуы керек деп есептейді. Заң күшіне ену үшін оны парламенттің Ақылдастар кеңесі мақұлдауы тиіс.