Сәрсенбі күні, АҚШ президенті Джордж Буш кабинет мәжілісі кезінде Конгресстегі жетекшілікті өз қолына алатын демократтарға қарата айтқан сөзінде:
- Ертең 110-Конгресстің мүшесі қызметке кірісу антын береді. Мен оларды құттықтаймын. Қалаға қош келдіңіздер деймін. Мен, сондай-ақ, кабинет мүшелерім де демократтармен өзара қызметтес болар деп үміттенемін, - деді.
Соңғы 12 жыл бойы, республикашылыр көпшілікті құрайтын Конгрессте қос партия арасында ішкі және сыртқы мәселелер бойынша қатты айтыс-тартыстар жалғасып келгендігі белгілі. Өзара теке-тірестің 109-Конгресс кезінде қыза түскендігі соншалық, 2005-2006 жылдары аса маңызды заңдар өте аз қабылданды.
Міне оның нәтижесі. Осыдан 2 ай бұрын өткен Конгресстік сайлау кезінде Сенат пен Өкілдер палатасында қатарынан демократтар көпшілік дауысқа ие болды. Дегенмен, Өкілдер палатасы жетекшісі демократ, калифорниялық Нанси Пелоси мен Жаңа Сенат жетекшісі, невадалық Харри Рейд 110-Конгрессте қос партияны өзара ынтымақтастық қызметте болады деген ниет білдіріп отыр.
Конгресс палатасына алғаш рет жетекшілік ететін әйел азаматы өкілдер төрайымы Нанси Пелоси ханым қарашаның 7-сінде болған сайлаудан екі күн кейін Ақ үйде президент Бушпен кездескеннен соң былай деді:
- Біз тарихи кезеңде тұрмыз. Енді жаңа даму жолына түсүіміз қажет. Сондықтан, мен президенттен де сондай өзара ынтымақтастық болар деген үміттемін.
Пелоси алғашқы жұмысты Палатадағы этика жөніндегі ережелерді жаңартып, республикашылардан өзгеше жаңа шараларды ұсынумен бастамақ. Олардың арасында мұнай өнеркәсібіндегі жәрдем қаржысын қысқарту бар.
Дегенмен, президент Буш Уолл Стрит жорналында демократтардың бір жақтама күн тәртібін ұсынудан аулақ болуға шақырады.
Сондай-ақ, Өкілдер палатасындағы республикашылар да алдағы екі жылға өз ұсыныстарын жасап, Пелоси жетекшілігі кезіндегі мәлімдемелерін жариялады. Атап айтқанда, олар азшыл партиядағы құқықтық заң қажет дейді.
Дегенмен, Миннесоталық республикашы Джон Клайн Жаңа Конгресс қос партиялық ынтымақтастық негізде жұмыс істер деген тілек білдіреді.
– Жаңа төрайым Пелоси азшылықтың құқықтары жөніндегі заң жобасын ұсынды. Пелосидің айтуынша, Өкілдер палатасы жаңа жолмен жұмыс істейді екен. Мен өзім соны көргім келеді. Дегенмен, бизнес саласында да тарихи өзгерістер болса керемет болар еді, - дейді конгрессмен Клайн.
АҚШ-тық конгрессмендер президент Буштың үкіметтік жиыны кезінде сыртқы саясат жөнінде тілек білдірмегенімен, Дж.Буш оған жолай тоқталып өтті.
Сәрсенбі күнгі жиында Буш Ирақтағы жаңа стратегия жөнінде ештеме айтпады. Дегенмен, хабарларға қарағанда, АҚШ президенті Ирақтағы бүлікшілдік әрекеттерін басу үшін тағы да 30 мыңдай әскер жіберетін түрі бар. Бұл жөнінде Буш қаңтар айында жариялап қалуы да мүмкін.