Accessibility links

АҚШ ғалымдары адам эмбриондарына балама клеткалар тапқаны жөнінде хабарлап отыр


Құрама Штаттары ғалымдары адам жатырындағы сәбиді қоршап тұратын сұйықтан ұрық клеткаларын тапқан. Бұл жаңалық болашақта талай ауруларды емдеуге негіз болмақшы дейді мамандар.

Эмбриондық ұрық клеткалары адам ағзасында кез-келген клетканы жасауға мүмкіндік туғызуымен ерекшеленуде. Күндердің-күнінде бұл жаңалық адам бойындағы алжу, Паркинсон және сусамыр сияқты ауруларды емдеуге мүмкіндік туғызады, деп ғалымдар сенім артуда. Осыған дейін ғалымдар алдында “сол клеткаларды қайдан табуға болады?”-деген проблемалық сұрақ тұрған еді.

Қандайда бір себептермен эмбриондардың жойылуына талай адам, оның ішінде АҚШ президенті Джордж Бушта бар, қарсы шыққан болатын. Сондықтан да Гарвард университеті мен Солтүстік Каролинадағы Уейк Форест университеті ғалымдары қызықты жағдайларды хабарлауда. Бұл жөніндегі зерттеулерді доктор Ансон Аталаның бастауындағы ғалымдар тобы 7 жыл бойы жүргізген.

“Бұл клеткалар адамзат эмбрионы емес. Сондай-ақ үлкен кісілердің де клеткасы емес. Бұл - клеткалардың жаңа түрі” дейді ғалым Атала.

Жатырда нәрестені қоршап тұратын сұйықта, яғни баланың жолдасында жетілмеген клеткалардың бай түрі бар екендігін олар білді. Алайда онда шынайы ұрық клеткаларының бар-жоқтығы бұған дейін айқын болмай келген-ді. Сонымен ғалымдар екі қабат әйелдің жатырынан алынған сұйықтағы кішкентай клеткалардың шын мәніндегі ұрық клеткалары екендігін анықтап отыр. Содан кейінгі бірнеше жылдар ішінде зерттеушілер түрлі клеткаларды бұлшық ет, сүйек, қан құрамын, нерв талшықтарын, бауыр клеткаларын жасауға қолданып келген болатын.

Тәжірибе барысында қолдан өсірілген клеткалар тышқанның зақымданған миын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берген. Атала ғалымның айтуынша ол келткалар әйтеуір бір күндері адам ағзасындағы істен шыққан клеткаларды қайта қалпына келтіруге көмектесетін болады.

Әзірге Атала мен оның жасағының бұл зерттеулері өзінің алғашқы сатысында тұр. Демек, аталған жаңалықтарды адам ағзасына қолдануға дейін біраз жылдар керек. Дей тұрғанмен ғалымдар бұл жаңалықтарының қазіргі кезде бар мүмкіндіктер жөнінде мәселе көтеріп отырғандығын айтады. Күндердің күнінде дүниеге сәбилерінің келуін күтіп жүрген ата-ана тіпті сырқат сәбидің кейбір клеткаларын алмастыру үшін эмбрион келткаларын тоқтатып қоюына мүмкіндік алатын болады, дейді ғалымдар.

“Жаңа клеткаларды жасап шығару үшін сан қилы клеткалар түрін қолдану мүмкіндігі клиенттерге пайда әкелетін болады”, дейді ғалым Атала.
XS
SM
MD
LG