Accessibility links

Буштың Ираққа қатысты жаңа стратегиясы сынға алынды


Республикашылар мен Демократтар партиялары президент Буштың Ираққа қатысты жаңа стратегиясын сынға алды. Республикашылар партиясынан сенатор Чак Хэджел Буштың жоспарын “Вьетнам соғысынан кейінгі сыртқы саясаттағы ең үлкен қателік” деп атады. Соңғы хабарларға қарағанда, президент Буш Ираққа қосымша әскер жіберу туралы стратегиясы елдегі сектанттық негіздегі зорлық-зомбылықты дереу тоқтата алмайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Буш Джордждия штатындағы Форт Беннинг әскери базасында айтты. Дәл осы жерден жақында Ираққа 4 мыңға жуық сарбаз жіберіледі. Буштың айтуынша, американдықтар АҚШ саясаты ақыр аяғында Ирақта оң нәтиже береді деп үміттенсе болады.
XS
SM
MD
LG