Сонымен Демократиялық партияның және кейбір респубикашылардың қарсылығына қарамастан, Буш Ираққа тағы да қосымша 21500 жасақ жібермек. Буштың СиБиЭс телеарнасында айтқанындай, АҚШ күштерінің бас қолбасшысы ретінде оның Конгресстен сұрамастан-ақ қарулы күштерді Ираққа жіберуге құқы бар екен. Бірақ Демократтар және өзінің Республикашыларынан бірқатар конгресмендер Буштың Ираққа қосымша әскер жіберу жөніндегі жоспарын ақылға симайтын қателік деп сынады.